Зияткерлік олимпиада жеңімпаздарына берілетін сыйақы мөлшері өседі

Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық зияткерлік олимпиада жеңімпаз болған мектеп оқушыларына берілетін сыйақы көлеміне тоқталды.

Мәселен, бірінші орынға бір жолғы премия мөлшері 4 млн 375 мың 500 теңге болады. Екінші орынға 2 млн 917 мың теңге. Және үшінші орынға 1 млн 458 мың 500 теңге беріледі. Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында білім саласына ерекше тоқталған болатын. Президент отандық ІТ-секторды дамытудың маңызды екенін айтты. Елімізге жас, білімді әрі ынталы мамандар керек. Цифрландыру жөніндегі ұлттық жобаның аясында кемінде 100 мың жоғары білікті ІТ-маман даярлау қажет екен.