423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысындағы университеттердің бірінде IT-факультет ашылды

  • 187
  • UPD: 20:44, 04.09.2021
Павлодар облысындағы университеттердің бірінде IT-факультет ашылды

Жаңа оқу жылында оған 200 студент қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар киберқауіпсіздік, веб әзірлеу, Девопс инжиниринг және бағдарламалау негіздерін үйренеді. Ал болашақ мамандарды даярлайтын оқытушылар кәсіби біліктілігін арттырып, ІТ нарықтағы сұранысқа ие қызметтерді алдын ала зерттеген. Айта кетейік, Павлодар өңірінде телекоммуникациялар және өндіріс секторында кадр тапшылығы байқалады.

Дария Әбікенова, факультет деканы:

– Біз ІТ нарықта бағдарламалаумен айналысатындар, девоп-инженерлер жетіспейтінін анықтадық. Әсіресе, киберқауіпсіздік мамандығы бойынша адам жетіспейді. Сондықтан жаңа факультетті ашар алдында сұраныстағы мамандықтарды анықтап, сол бағытта жұмыс істеуді шештік.

Хабар 24 телеарнасы