Елімізде магистратура мен докторантураға қабылдау тәртібі өзгереді

Елде магистратура мен докторантураға қабылдау тәртібі өзгереді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов фейсбуктегі парақшасында осылай деп жазды.

Бұдан былай магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі рет өткізіледі. Үміткерлер осыған дейін тек тамыз айында ғана емтихан тапсырып келсе, енді желтоқсан айында да сынақтан өтуге мүмкіндік алып отыр. Бұл норма жыл соңына дейін күшіне енеді. Сондықтан жазда емтихан тапсырып үлгірмеген студенттер желтоқсан айында сынаққа дайындала берсін деп жазды министр.