425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жастар әлемнің іргелі ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады

  • 157
  • UPD: 16:42, 08.09.2021
Жастар әлемнің іргелі ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады Grantist.com

Осы мақсатта 500 грант бөлінеді.

Бұған қоса «Жас ғалым» жобасы бойынша докторантураны аяқтаған азаматтарға 1000 грант қарастырылмақ. Бұл жөнінде Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. Ол бүгін жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысты. Мемлекеттік хатшы заманауи ғылымды ілгерілету, қол жеткен жетістіктерін ел ішінде кеңінен насихаттау ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Бұл тарапта атқарылатын жұмыс аз емес.

Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, ғылыми-технологиялық және инновациялық бағыттағы жұмыстарға уақыт талабына сай өзгеріс қажет. Атап айтқанда, ұлттық инновациялық жүйе құру және басқару ісіне жаңа механизм енгізілуі керек.

Хабар 24 телеарнасы