«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқуға 1055 стипендия бөлінді 

196 үміткерге «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Бұл туралы шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды.

Стипендия магистратура, докторантура, резиндентура бойынша оқитын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтетіндерге беріледі.

Айта кету керек, үміткерлер 16 мемлекеттің жетекші оқу орындарында білім алады. Оның ішінде Гарвард, Колумбия университеттері, Лондон экономика және саясаттану мектебі, Токио университеті бар.

Жалпы биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 28 қазанға дейін жалғасады.

Айнұр Кәрібозова, халықаралық бағдарламалар орталығының Президенті:

– Осы жылы «Болашақ» бағдарламасының шеңберінде басымды мамандықтар 7 бағытта айқындалды. Олар: жаңа технологиялар-инновациялар, өндірістік инжиниринг, білім беру, денсаулық сақтау және жаңа бағыт – бұл креативті индустрия. Мамандықтар: гендік медицина, қазіргі пандемия жағдайындағы ерекше сұранысқа ие вирусология, имммунология, реабилитология, эпидемиология.