Қостанайдағы студенттер қос елдің дипломын алып шығады

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері Ресей КАМАЗ зауытының заманауи құрастыру цехтарында ақылы өндірістік тәжірибеден өтті. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімнің арқасында мүмкін болып отыр. 

Евгений Гуфенко – Қостанай өңірлік университетінің «Аграрлық техника және технология» мамандығының екінші курс студенті. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ол осы салада жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Сондықтан, тәжірибеде алынған барлық білім болашақта пайдалы болады деп сенемін дейді ол.

Евгений Гухенко  А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ студенті:

– Шамамен 70 мың рубль таптым, менің ойымша, бұл студент үшін жаман емес. Ұжым өте жақсы: барлығын түсіндірді. Бұл Мен үшін жақсы тәжірибе болды деп ойлаймын.

Ресейдің жетекші «КАМАЗ» зауытына Қостанай  өңірлік университетінен 30 студент тәжірибеден өтуге аттанды. Олар өз білімдерін екі ай бойы КАМАЗ автомобильдерінің әртүрлі түйіндерін заманауи құрастыруды үйренеді.

Ербол Исакаев, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ академиялық жұмыс жөніндегі проректор:

– Биылғы жылы біз машина жасау бағдарламасына алғашқы студенттерді қабылдадық. Бұл балалар біздің университетте және Набережный Челный университетінде оқып, екі диплом алады және бұл болашақ мамандарды тәрбиелеуде таптырмас құрал болады деп ойлаймын.

Алма Дощанова, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ басқарма төрайымы – ректоры:

– Біз бүгін білім беру бағдарламаларын қайта қараймыз, серіктес университетпен келісеміз. бүгінгі біздің кездесуіміз жаңа міндеттерге қол жеткізуге және осы бағдарламаны іске асырудың жаңа деңгейіне шығуға қосымша серпін береді.

Өз кезегінде, Қазан федералды университетінің өкілдері екі университеттің ынтымақтастығының үлкен әлеуетін атап өтті. Болашақ машина жасаушылар Қостанай облысының индустриялық аймағында салынып жатқан екі жаңа зауыттың мамандары болады деп жоспарлануда.

Авторы: Гүлзия Нақыпқызы