Қарқаралыдағы ауыл шаруашылығы колледжінде студент саны екі есеге азайған

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы ауыл шаруашылығы колледжінде студент саны екі есеге азайған.

Қазір мұнда бар-жоғы 158 бала оқиды. Осыдан 4 жыл бұрын оқушы саны 300-ден асатын.

Колледж директорының айтуынша, бұған, біріншіден, мектеп бітірген түлектердің жаппай қалаға кетуі себеп. Ауыл шаруашылығы мамандығына да сұраныс азайған. Сондықтан оның мәртебесін көтеруді қолға алмаса оқу орыны жабылып қалуы мүмкін. Мәселен, бүгінгі күні аталған колледж ветеринар, автомеханик, слесарь секілді 5 түрлі мамандарды даярлайды. Ал агрономдар мен зоотехниктерді оқытуды осыдан 2 жыл бұрын тоқтатқан. Себебі жастар келмейді.

Саят Оспанов, Ауылшаруашылық колледжінің директоры:

- 2019 жылы біз зоотехниктен ақырғы выпускті жібердік. Ал агрономиядан 2018 жылы 7-8 балаға дипломдарын бердік. Міне содан бері әлі сұраныс жоқ осы мамандықтарға. Жолдаудан кейін біз ойлаймыз, барлығымыз осыны бір ортақ ойға келтіретін шығармыз деп. Келесі жылы ауылшаруашылық мамандарына көп мемлекеттік тапсырыс берілетін шығар.