Шәкәрім университетінде жаңа мамандықтар оқытыла бастады  

 

Семейде медициналық физика мамандығы оқытыла бастады. Түлектер аймақта биыл іске қосылған радиациялық медицина орталығына жұмысқа тұрады.

Бұған дейін қатерлі ісік ауруларын радио-нук-лидтік терапия арқылы емдейтін орталықта кадр тапшылығы болып, мамандар шетелде оқып келген. Оқу орны сол сияқты Курчатовтағы ұлттық ядролық орталығына да мамандар дайындайды.

Айта кетейік, Президент биылғы халыққа Жолдауында жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттырып, қоғам сұранысына сай мамандықтар дайындау жөнінде, тапсырма берген болатын. 

Бауыржан Ердембеков, Шәкәрім университетінің ректоры:

– Бұның барлығы сапаға келіп тіреледі, ертең біздің Университет сондықтан да біз 72 мамандықтан 40 мамандықты таңдап отырмыз. Бакалавр бойынша 40 мамандықты қалдырамыз деп. Бізде 80-ге жуық магистратурада мамандықтар болатын. Оның көбіне балалар қабылданбайды. Оңтайландыру мәселесі бізде Университетте қазір жүргізіліп жатыр. Ол болмаса, барлық жерде үнем болу керек. Үнем болған кезде ғана біз қаржымызды көтере аламыз. Биыл мысалы Шәкәрім Университетінде 1-қыркүйекке кірген кезде, ол Президенттің тапсырмасы, министрлік тапсырмасы оқытушылар жалақысын көтердік. Жаңадан келген жас маман ең кемі 200 мың теңге алады. Ары қарай жоғарылай береді.