425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Еліміздің білім мекемелерінде қауіпсіздік тексеріледі

  • 157
  • UPD: 09:21, 21.09.2021
Еліміздің білім мекемелерінде қауіпсіздік тексеріледі

Ресейдегі жоғары оқу орнында болған атыстан соң біздің елде де алаң туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді білім нысандарының қауіпсіздігі тексеріледі. Бұл туралы ведоство жиынында айтылды. Яғни, балабақшадан бастап мектеп, колледж, университеттердің талапқа сай қауіпсіздік құралдарымен қамтылуы және оқыс оқиғаға дайындығы пысықталады. Сондай-ақ жатақханалар да назарға алынады. Сала мамандарының мәліметі бойынша қазір елде 107 университет видеокамерамен жабдықталған. 60 оқу орнында кіріп-шығудың электронды жүйесі орнатылған.

Хабар 24 телеарнасы