425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атыраудағы мектептің аумағына күн электр станциясы орнатылды

  • 141
  • UPD: 15:37, 02.10.2021

Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебі аумағына күннен қуат алатын қондырғы орнатылды.

Шетелдік компаниямен серіктестік негізінде іске асқан жоба мамыр айында басталған болатын. Бүгін мектеп стадионындағы күн-фотоэлектр жүйесі станциясы салтанатты түрде ашылды. «Күн энергиясы мектептерге» деп аталатын жоба жасыл экономикаға біртіндеп көшуге және парниктік газдарды қысқартуға арналған. Бастысы, оқушылардың нақты ғылымдарды зерттеуге қызығушылығын оятып, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Бүгінде мұндай станция еліміздің 4 қаласында орнатылды. Келесісі Түркістанда жүзеге аспақ.

Күләш Шәмшидинова, «НЗМ» Дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы:

- Біріншіден, бұл экономия болғанымен, екіншіден, балалардың тәрбиесі үшін өте қажет. Сонан кейін балалар ғылыми жұмыстармен айналысады. Себебі кез келген ғылым ол практикамен байланысуы керек. Міне осы жағынан күн станциясының да атқаратын ролі жоғары болады. Көріп отырсыздар бұл жерден бала күнделікті қанша энергияның дайындалғанын біледі. Екіншіден, көмірқышқыл газ ауаға жіберілген жоқ, осының арқасында. Міне осыны біледі.

Хабар 24 телеарнасы