Алматы облысында оқушылар мектепке оралып жатыр

Алматы облысында жеті мыңға жуық оқушының карантин мерзімі аяқталып, мектепке орала бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді олар қалыпты жағдайда білім алады.

Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы өңірдегі 1141 бала коронавирус жұқтырған еді. Соған байланысты 275 мектепте білім алатын 11600-ден астам оқушы қашықтықтан оқуға ауыстырылды.