Нобель сыйлығының лауреаты елордалық студенттерге лекция оқыды

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Майкл Спенс елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университет студенттеріне лекция оқыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онлайн өткен жиында ғалым әлемдік экономикадағы жаңалықтарды баяндады. Майкл Спенс климаттың өзгеруі туралы да сөз қозғап, өз көзқарасын білдірді. Пандемия жағдайындағы аграрлық сала мен азық-түлік қауіпсіздігі де айтылды. Ғалымның баяндамасынан кейін студенттер Нобель сыйлығының иегеріне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.