425,63 492.05 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оқушы оқ атса алғашқы әрекет қандай болуы керек?

  • 70
  • UPD: 09:19, 11.10.2021

Оқушы оқ атса не істеу керек? Бұл сұрақты елордада оқитын студенттерге қойып көрдік. Көбі кабинеттен шығуға асықпаймыз десе, кейбірі жан сақтау үшін терезеден секіруді құп көрді. Бас шаһардағы колледждердің бірінде полиция департаментінің мамандары экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы дәріс оқыды. Сонымен лаңкестік қауіп кезінде алғашқы әрекет қандай болуы керек? 

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Әлемде оқушылар тарапынан білім беру мекемелеріне қарулы шабуыл жасау, лаңкестік әрекетке бару жағдайлары жиіледі. Осыған байланысты елдегі сақтық шараларының деңгейі қаншалықты жоғары. Қазір қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Нұржан Тілеуқабылдан біліп көреміз. Нұржан айтып өтсеңіз, елордада білім беру мекемелерінде колледждерде, жоғары оқу орындарында қауіпсіздік шаралары сақталған ба, лаңкестікке қарсы қандай әрекет қабылданады?

Нұржан Тілеуқабыл, қалалық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:

- Негізі елордада 250-ден астам білім беру мекемесі бар. Олардың бәрі көріп тұрғанымыздай, турникетпен жабдықталған. Біз тұрған колледжде дабыл пернесі бар ма, өзіңіз сұрап көрсеңіз.

- Сіздерде дабыл пернесі бар ма?

- Бар.

- Көріп тұрғаныңыздай, негізі дабыл пернесі бүкіл білім беру мекемесінде болады.

- Перне басылғаннан кейін қанша уақытта күзет қызметі келуі керек?

- 3-5 минут аралығында.

Нұржан Тілеуқабылдың айтуынша, ғимарат ішіне бөгде адам кірген жағдайда ұстаздар мен оқушылар үрейге бой алдырмай, кабинеттерді ішінен кілттеп алуы қажет.

Мирлан Алтынбек, тілші:

- Біз тұрған политехникалық колледжді күзетке алған қызметкерлердің жылдамдығын тексеріп көрейік. Ол үшін біз дабыл пернесін басамыз.

Түймені басқаннан кейін уақытты белгілеп қойдық. Дабылға бірінші болып арнайы жедел топтың аға маманы келді. Жету уақыты - 4 минут 2 секунд. 

Мәди Мұратұлы, жедел топтың аға маманы:

- Сіз бірінші келдіңіз. Өз тарапыңыздан қандай әрекет болады? Мысалы, бір немесе бірнеше лаңкес жоғарғы қабаттарға кетіп, кабинеттерді шолуға көшсе. Біз шұғыл түрде мына жаққа келеміз де бәрін шығарамыз. Қоршауға аламыз. Лаңкестің артынан бармаймыз. 102 шақырған кезде барады. Ол енді жоғарғы қабатта өз білгенін істеуі мүмкін ғо. Біз білмейміз ғой онда мүмкін заложниктер бар шығар.

- Төменде күтесіздер иә?

- Иә.

Қысылтаяң жағдайда студенттердің алғашқы әрекеті қандай болмақ?

БЛИЦ: 

- Ең бірінші әрекетім егер солай қарумен келсе, кабинет есігін жабамын. Кабинеттің есігін ашқысы келсе, терезеден секіремін.

- Мұғалімнің айтқанын істейміз. Егер кабинетте мұғалім болмаса және қауіп-қатерді сезсем қашамын. Немесе қауіпсіз жерге барып тығылар едім. 

Ғимарат ауласында жарылыс немесе атыс дыбысы шыққан жақтағы терезеге жақындамау керек. Айналада болып жатқан жағдайды ұялы телефонға түсіремін деп уақытты текке сарп етпеу керек. Қаскөйді құрықтау операциясы кезінде құқық қорғау органдары мен арнайы жасақ сарбаздарын көрсеңіз, бірден олардың жағына қарай жүгіруге болмайды. Бұл әрекет қылмыскерді ұстауға кедергі келтіріп ғана қоймай, жедел топ мүшелерін қосымша әбігерге салады, дейді полиция қызметкерлері. 

Мирлан Алтынбек, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы