26 қазанда Нобель фестивалі басталады

26 қазанда Орталық Азия мен Кавказ елдерінде ғылыми білім беру форумы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған Нобель сыйлығының 10 лауреаты, ғылыми Оскардың 10 иегері, SIRI дауыстық көмекшісі Люк Джулия мен түрлі саладағы халықаралық сарапшылар қатысады. Спикерлер «Жасыл шындық», «Инновациялар ғасыры», «Жаңа дәуір дағдылары» және «Адамдар үшін экономика» сияқты 4 бағыт бойынша сөз сөйлейді. Фестиваль 29 қазанға дейін жалғасып, оған 40 мыңнан астам тыңдаушы қатыспақ. Іс-шара Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанда орналасқан үш студияда көрсетіледі.

Мақсат Курбенов, Инклюзивті даму қорының директоры

- Фестивальге қатысу – тегін. Онлайн форматта өткізілетін кездесу бес тілде өтеді. Кездесудің негізгі үш студиясы елордада және Ташкент, Баку қалаларында орналасқан. Сонымен қатар онлайн конференция еліміздің белгілі жоғары оқу орындарында көрсетіледі.