«Кальмар ойынын» балаға көрсетуге болмайды – БҒМ

Еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр. Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады. Әрі ақпаратты ажырата білуге үйретеді. Бұл туралы білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова мәлімдеді.

Айтуынша, әр мектеп өздерінің тәрбиелік функцияларын жіті қадағалап отыруы қажет. Жалпы баланың қалыптасуына кері әсерін тигізетін ақпаратты үйде ата-анасы,  мектепте  педагогтар бақылауы керек. Ал әлемді шулатқын оңтүстік кореялық «Кальмар ойыны» фильмін балаға көрсетуге болмайды дейді. 

Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым министрінің бірінші орынбасары:

- Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте педагогтар бақылауы керек.