434.16 493.30 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оқушылар арасында он айда 140 мың кибербуллинг дерегі тіркелді

  • 157
  • UPD: 19:47, 21.10.2021
Оқушылар арасында он айда 140 мың кибербуллинг дерегі тіркелді

Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесінде көтерілген келелі мәселенің тағы бірі оқушылар арасындағы кибербуллинг.

Кеңесте сөз алған Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов балалар арасындағы әлімжеттік мәселесін қозғаған еді.

Айтуынша, биылғы жылдың 10 айында кибербуллингтің 140 мың дерегі тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есеге көп. Жыл аяқталмай жатып, ғаламтор арқылы әлімжеттік көрсетудің белең алуы қатты алаңдатады. Оқушылардың 12 проценті, яғни әрбір тоғызыншы оқушы зорлық-зомбылыққа тап болған. Балалардың мектепке барудан қорқатыны сондықтан. 

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Осы мәселеге байланысты депутаттар заң жобасына бастамашылық жасаған. Ол қазір бізде бірінші оқылымда өтті.

Хабар 24 телеарнасы