Қазақстанда Жошы Ұлысын зерттейтін ғылыми институт құрылды

Қазақстанда Жошы Ұлысын зерттейтін ғылыми институт құрылды

Ұлық Ұлыстың тарихы еліміз үшін аса маңызды. Жаңадан құрылып жатқан орталықтың мақсаты қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру.

Жошы - Моңғол империясының батысындағы жерлерді мұра еткен Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Оның басқаруындағы аумақ Орталық Азияны жаулап алғаннан кейін едәуір кеңейді. Жошының кесенесі Жезқазғаннан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Ұлт ұясы - Ұлытаудағы кесененің саяси және туристік маңызы зор екенін тілге тиек етті.

Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жошы ханның жалпы осы Алтын Орда кезеңін зерттейтін ғылыми орталық, институт ашылып жатыр. Бұл да міне тұрақты мамандарды жинап, сол жерде біліктілігін арттырып, жұмыстарды ұйымдастыратын ғылыми орталық былайша айтқанда. Бізде бұрын ондай болған жоқ. Бізде жеке-жеке ғалымдар айналысты. Және тарих инстутындағы шағын бағыт ретінде. Мұның саяси маңызын біз бүгінгі күні алға басым бағыт ретінде анықтап жатырмыз.