Павлодар облысында алғашқы стартап кабинеті ашылды

Павлодар облысында алғашқы стартап кабинеті ашылды. Мұнда балаларды бизнеске баулиды.

Стартап кабинеті «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытушыларының бастамасымен ашылған. Оған бір себептен халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпазы Даяна Мукинаның идеясы мұрындық болған. Өйткені косметика жобасын жүзеге асырған Даяна көп жасқа үлгі. 

Айта кетейік, биыл облыс мектептерінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні оқытыла бастады. Ол үшін 100-ге жуық мұғалім біліктілігін арттырған. Бұл пән ауыл мектептерінде де оқытылады.

Гүлнәр Нұрғазина, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің оқытушысы:

- Сабақтар стандартты емес түрде өтеді. Іскери ойын, кейстерді зерттеу, бизнес-жоспарларды жасау сияқты жұмыстарды атқарамыз. Осындай жұмыс формасы оқушылар үшін қызықты. Балалар кәсіпкерлік негіздерін тереңнен меңгеру және бизнес дағдыларын үшін қолайлы жағдайлар жасалған.