Асхат Аймағамбетов: Ғалымдарға елеулі қаржылық еркіндік беріліп отыр

Президент тасырмасына орай ғылым саласындағы мәселелерді шешу үшін «Ғылым туралы» заңнамаға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚР Білм және ғылым министрлігінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Министр үш негізгі нормативтік-құқықтық актіге өзгеріс енгізілгенін айтып өтті. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереже, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары мен базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидалары бар. Аталған өзгертулер бірнеше ай көлемінде ондаған мемлекеттік органмен келісілген.

Әсірес ғалымдардың жалақысын базалық қаржыландыруға қосу, іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми институттарға тікелей қаржыландыру тетігін енгізу, ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мерзімін бес жылға дейін ұзарту, Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдері бойынша апелляция институтын құру мәселелеріне бас көңіл бөлінген.

Сондай-ақ «білім саласындағы қаржыландыру мен есеп беру рәсімдерін әлі де болса жеңілдету, бюрократиялық кедергілерді жою және ғалымдардың өз идеялары мен әлеуетін жүзеге асыруы үшін қолайлы орта құру сынды міндеттер қойылды», - деді ведомства басшысы.