430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда «статусы қызыл» мұғалімдер мектеп пен балабақшаға кірмек болған

  • 61
  • UPD: 17:37, 17.11.2021
Оралда «статусы қызыл» мұғалімдер мектеп пен балабақшаға кірмек болған

Оралда 3 мектеп пен 1 балабақшаға «қызыл статуспен» кірмек болғандар анықталды.

Педагог мамандардың бұл әрекеті «Ашық» қосымшасы арқылы тексеру барысында анықталған. Қалалық санитарялық бақылау басқармасының мәлімдеуінше, төрт жағдайда да олар білім беру нысанының ішіне кірмеген. Қазір олар карантинде және білім нысанына кірмегендіктен ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Санитарлық талаптарды бұзу бизнес нысандарында да тыйылмай отыр. «Ашық» қосымшасынан шығарылған осындай 800-ге тарта нысанның жұмысына шектеулер енгізіледі.

Нұржан Мақсотов, БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:

- Өткен аптаның ішінде білім беру объектілерінде мекемелерінде жаңадан 4 «қызыл түс» анықталып отыр. Бізге келген мәліметтер бұл сол бойынша 3 мектеп және бір балабақша Орал қаласы бойынша. Яғни сол мекемелердің қызметкерлері деген ақпарат бар.

Хабар 24 телеарнасы