Қарағандыда 48 оқушы Президенттік олимпиададан оқу грантын жеңіп алды

Қарағандыда 48 оқушы Президенттік олимпиададан оқу грантын жеңіп алды

Қарағанды қаласында 48 оқушы білім грантына ие болды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ХІV Президенттік олимпиада жеңімпаздары жоғарғы оқу орындарының білім грантын жеңіп алды. 15 қараша күні басталған зияткерлік байқау 3 күнге жалғасты. Олимпиадаға 182 оқушы қатысты. Олар математика, физика, химия және биологиядан сынға түсті.

Айта кеткен жөн, 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Президенттік олимпиадаға тек болашақ мектеп түлектері, яғни 11-сынып оқушылары қатыса алады.

Тимур Нұркешов, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры:

- 20 ЖОО өздерінің гранттарын жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұсынды. Қазақ-Британ техникалық университеті 6 грант бөлді. Сәтбаев университеті 10 грант бөлді. Аманжолов университеті 10 грант бөлді. Атырау мұнай-газ ісі жөніндегі университет әр жүлдегерге 100 проценттік грант бөлді.