Заңгерлерді тек мамандандырылған ЖОО-да оқыту қажет – Комиссия

Еліміздегі заң кадрларын тек ұлттық университеттер мен арнайы мамандандырылған жоғары оқу орындарында оқыту қажет. Яғни кез келген оқу ордасында заңгерлерді даярлауды тоқтату керек. 

Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылар кеңесі бас қосқан жиында айтылды. Сарапшылар құқықтық білім сапасын арттыру және жүйені жетілдіру мәселесін талқылады. Олардың айтуынша, кәсіби ұтқыр, еңбек нарығында сұранысқа ие маманға білім беретін оқытушылардың да білімі ұшан теңіз болуы тиіс. Яғни профессор-оқытушы, заң ғылымының кандидаттарын тарту маңызды. Сондай-ақ осы саланы тәмамдаған болашақ маманға, диплом алардардан бұрын ант беруін міндеттеу керектігін айтады.

Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы:

- Осы заң мамандығын бітірген студенттер ант беруі керек. Бұл болашақта өз қызметіне кіріскенде Қазақстан конституциясының заңдарын қатаң сақтауға, адам құқықтары мен бостандықтарын ант беремін деп. Мысалы, қазір дәрігерлер Гиппократ антын береді ғой.