430,43 492.25 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Америкадағы қазақ тарихшысы Өскеменнің көне атауы жайлы құнды құжаттарды тапты

  • 267
  • UPD: 15:34, 21.11.2021
Америкадағы қазақ тарихшысы Өскеменнің көне атауы жайлы құнды құжаттарды тапты inform.kz

Америкадағы Гарвард университетінде жұмыс істейтін тарихшы Нұрлан Кенжеахмет табылған тарихи дүниені Гарвард кітапханасынан ғана оқуға болатынын жазды, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әйгілі Гарвард университетіндегі Фэрбанк Қытай зерттеу орталығының зерттеуші ғалымы, тарихшы Нұрлан Кенжеахметтің айтуынша, америкалық Бенджамин Сэмюэль Леви есімді студент 2013 жылы «Жоңғар босқындары және қытайлық Цин-Қазақ шекарасында империяның құрылуы, 1759-1773» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Ағылшын тіліндегі диссертацияны тек Гарвард кітапханасынан оқуға болады. Оның ғылыми жұмысында Өскеменннің бұрынғы тарихи атауы – Кеңгір-Тұра сөзі үш жерде кездеседі екен. Докторлық диссертацияның 212 бетіндегі түсініктемеде: «Кеңгір Тұраны орысша Усткаменная деп атайды. Бұл Ресей империясының шекарасын белгілейтін «Ертіс сызығының» ең оңтүстігіндегі форпосты болды» делінген.

Айта кетейік, ғалым ағылышын тілінде жазылған студент жұмысының қазақша нұсқасында осылай жеткізген.

Оның айтуынша, америкалық студент ғылыми еңбегін мәнжүр тіліндегі архивтерге сүйене отырып жазған. Мәнжүр Қытайды 250 жыл билеген ұлт. Тек 1911 жылы қытайлар ұлт ретінде жойып жіберген.

Алайда қазір мәнжүр тілін үйренушілер латын тілін үйренушілерден кем түспейді. Сұраныс өте жоғары. Мұның бізге де қатысы бар. Себебі Абылай хан заманындағы қазақ тарихының сыры мәнжүр тіліндегі архивтерде екен.

Ал америкалық студенттің диссертациясының құндылығы – 100% Шығыс Қазақстан туралы жазылғандығында. Болашақта бұл еңбекті қазақ тілінде аударса игі іс болар еді, – деді Нұрлан Кенжеахмет. Тарихшы-ғалым Өскеменнің 1757 жылдарға дейін Кеңгір-Тұра деп аталғанын алға тартады.. Бұл туралы Қытай ғалымы Тан Цисян құрастырған «Қытайдың тарихи атласының» VІІІ томында да жазылған және 1769 жылы сызылған «Цяньлун патшаның орда картасы»)картасында Кеңгір-Тұра Ертіс өзені жағасында деп көрсетілген. Мұны терең зерделеу бүгін мен болашақтың еншісінде.

Хабар 24 телеарнасы