Digital Ustaz Almaty байқауының мұғалімге берері көп

Алматы әкімдігінің бастамасымен қала мұғалімдері арасында Digital Ustaz Almaty байқауы өтті. Мұндағы мақсат мұғалімдердің біліктілігін арттыру. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқаудың ұстаздарға берері көп.

Байқауға 2000-нан аса мұғалімнен өтініш түскен. Солардың 105-і екінші кезеңге өтсе, тек отызы ғана үшінші кезеңге жолдама алды, ал 10 мұғалім финалға өтті. Олардың арасынан суырылып шыққан 1 мұғалім Лондонға барып, тәжірибе алмасып қайтады.

Руслан Қаратабанов, ұйымдастырушы:

- Осы біздің финалға жеткен мұғалімдердің барлығы жай ғана digital ustaz мәртебесіне иеленіп ғана қоймай, сол цифрлық педагогика идеяларын одан әрі насихаттайтын, басқаларды шабыттандыратын, ынталандыратын бір деңгейге жету керек. Сондықтан оларға бұқараның алдында сөз сөйлеу немесе цифрлық педагогикаға тарту жөніндегі дағдыларды үйретіп отырмыз. 

Қатысушыларға Санк-Петербургтан келген Geek Teachers компаниясының белгілі тәлімгерлері мен Мәскеу жоғары экононмика мектебінің ұстаздары мұғалімдерге заманауи білім беру тәсілдерін үйретті. Қатысушылар содан кейін барып сайысқа түсті. 

Татьяна Громова, тәлімгер /Мәскеу/:

- Қатысушылар керемет. Ұстаздар – шығармашылық адамдары. Оларға кеше аралас оқыту конструкторларын құрастырып үйреттік. Қатысушылар өзінің ішкі мүмкіндігін толық білмеді десе болады. Осында келіп, небір жаңашыл технологияларды үйреніп, басқа тыныстары ашылып, арқаларына қанат біткендей қуанып жатқанын көру бір ғанибет. 

Бұндай үлкен шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы ұйымдастырылды. Негізгі идея авторы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев. 

Руслан Қаратабанов, ұйымдастырушы: 

- Бізге қолұшын берген Алматы кітап баспасы, содан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры, Халық банктің қайырымдылық қоры. 

5 күн бойы эксперттер қатысушыларға аудитория зейінін қалай шоғырландыруды үйретті. Қазір ұстаздар геймификацияны, яғни смартфондарға түрлі ойын форматындағы сабақтар орнатып, сол арқылы оқытуды және блог жүргізуді де меңгерді. 

Кәмшат Әбілқызы, Әбен Нарынбаев