СҚО-дағы коллдеж директоры Оксворд университетінің құрметті профессоры атанды

Петропавлда Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат өнер колледжі директоры Рауза Кашенева Оксворд университетінің құрметті профессоры атағын алды.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 желтоқсанда Рауза Кашенева өнерді дамытуға және талантты жастарды тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін Оксворд университетінің құрметті профессоры атанып, орденімен марапатталды. Рауза Кашенева – педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері. Білікті ұстаздың шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға белсенді қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Рауза Әбутәліпқызының өзі де сахнада ән айтып, республикалық және халықаралық деңгейдегі фестивальдерге, байқауларға қатысып тұрады. Ол итальяндық ұлы органист, Ватиканның радио және теледидар директоры Артуро Сакеттидің Таллин қаласындағы Домский соборында өткен концертіне қатысты.

Ұстаз Нидерландыға гастрольге шығып, 15 жеке концертін берді. Амстердам консерваториясында болған Бельканто фестиваль-конкурсына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Осы сапарында 74 минутқа созылған концертінің дискісін шығарды.