Мұғалім мен оқушының білімін арттыруға бағытталған «ERG mektepke» бастамасы іске қосылды

ERG компаниясы мұғалімдердің біліктілігін және оқушылардың білім деңгейін арттыруға бағытталған «ERG mektepke» білім беру бастамасын іске қосты. Бағдарлама педагогтарға оқытудағы ең заманауи технологияларды пайдаланып, сол арқылы орта білім беруді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл болашақта елдің кадрлық әлеуетін күшейту үшін зор мүмкіндік. «ERG mektepke» жобасы Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстарындағы үш жүзге жуық мектепті қамтиды. Білім беру бастамасының операторы «ЭдКранч» заманауи білім беруді дамыту институты.

ERG компаниясының білім беру бастамасымен Ақтөбедегі мына мектептің 64 мұғалімі қамтылуда.

Атап айтқанда, бастауыш класс, физика, математика және өзге де пән оқытушылары өз мамандықтары бойынша біліктілігін арттырып жатыр. Ал оларға үздік отандық және шетелдік сарапшылар онлайн-курстар мен вебинарлар арқылы дәріс беруде. Алған білім мен меңгерген тәжірибелерін сабақ барысында қолданып келеді.

Гүлжанат Тағанова, Ә.Кекілбаев атындағы №72 жалпы білім беретін орта it мектеп-лицейінің мұғалімі:

- Кәсіби шеберлігіміз шыңдала түсті. Қоржынымыз молая түсті. Бұның ішінде хаттың ерекшелігі, құрылымы оның жанрлық ерекшеліктері туралы біліп ғана қоймай, оны өзімнің практикамда қолдана білдім. Әрі қарай келесі кезеңін асыға күтудемін.

«ERG mektepke» жобасы бірнеше бағытты қамтиды. Мұғалімдерден өзге оқушылар да білімін жетілдіріп, оқудағы көмекші құрал симуляторлар мен виртуальды жаттықтырушылары бар ERG Digital Mektep цифрлық тұрғырнамасын пайдалана алады. Сондай-ақ мектеп директорларына арналған тың әдістер бар.

Салтанат Салиш, Ә.Кекілбаев атындағы №72 жалпы білім беретін орта it мектеп-лицейінің директоры:

- Бізге дәріс беру ісін жетілдіріп, үздік ету қажет. Цифрлық контентті қолдануды үйрену керек. Яғни білім беру барысы үнемі жаңарып тұратындықтан уақыт талабына сай әрекет еткен абзал. Сондықтан «ERG mektepke» бастамасы аймақтардағы мектептерде бұл мәселені сапалы шешуге септгін тигізеді.

Жоба арқасында мұғалімдер дәріс беретін пәндер бойынша ғана емес, цифрлық құзыреттілігін, функционалды сауаттылығын, эмоциялық интеллект, өзін өзі ұйымдастыру, тайм-менеджмент тәрізді икемді дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды. 

Әнуарбек Мырзатайұлы, Болатбек Молдағалиев