Еуразия ұлттық университетінде Абай туралы 24 кітап таныстырылды

Еуразия ұлттық университетінде Абай Құнанбаев туралы 24 кітаптың таныстырылымы өтті.

Оларға абайтанушы ғалымдардың ақын шығармашылығы жайлы жазған еңбектері енді. Авторлардың қатарында Ерлан Сыдықов, Гүлнар Мұратова, Тұрсынжан Шапай, Тұрсын Жұртбай сынды ғалымдар бар. Шара аясында «Абай мұрасы және түркі әлемі өркениетінің негіздері» атты екі томдық жинақ пен «Абайтану» хрестоматиясы оқырманға жол тартты.

Жандос Әубәкір, Абай академиясы ғылыми зерттеу институтының директоры, ф.ғ.д.:

- 24 кітап бұл еліміздегі белгілі абайтанушы ғалымдардың, зерттеуші ғалымдардың осы Абайдың шығармашылығының бағыттарына байланысты арнайы сериялар бойынша әзірленді.