Шымкентте оқушылар домбыра жасайды

Талаптының жолы ұзын. Осыны білген Шымкент мектептері үйірмелерді көбейтті.

Оқушылар енді музыкалық аспапты өздері жасап, сурет салуды кәсіби тұрғыда меңгереді. Сондай-ақ тоқыма, тігін шеберханаларын да ашты. Ақселеу Сейдімбек атындағы мектеп-лицей бұдан бөлек әмбебап фрезерлеу машинасы мен 3D принтер сатып алды. Оқу орнында 150 домбырашыдан құралған ансамбль де бар.

Жауынбай  Қараев, білім беру ісінің үздігі:

- ТМД ішінде алғаш рет болып, ұлттық рухы бар ішінде қазақ мектебінің білім саласындағы мемлекеттік стандартын жасадық. Қазіргі кезде технология да білім де қарыштап дамып келе жатқан кезде жастар техниканы оның ішінде істеу технологияның бәрін меңгерумен қоса домбыраны да тартып жатыр. Қазақтың ою-өрнегін де көрсетіп жатыр. Сонымен қатар бүкіл әдет-ғұрып, салт-сананың барлығын қазіргі заманға лайықтап қалай меңгеріп жатқанын бізге көрсетуде.