Қазақстандағы жоғарғы оқу орындары топқа бөлінетін болады

Енді еліміздегі жоғарғы оқу орындар арнайы топтарға бөлінеді. Яғни халықаралық және ұлттық білім ошақтары бірінші, аймақтық деңгейдегілер екінші топқа кіреді.

Ал үшіншіге салалық деңгейдегі білім ордалары еніп отыр. Қалғандары төртінші топтың құрамында.

Оқу орындарының жаңа үлгісі жөніндегі депутаттық сауалға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай жауап қатты. Білім ордаларын топтарға жіктеу кезінде ғылыми қызметі мен білім көрсеткіші, ел экономикасына қосқан үлесі де негізге алынады. Президенттің тапсырмасына сай қолға алынған бұл шара жоғарғы оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, оңтайландыруға ықпал етпек.