ҰБТ тапсыру мерзімі ұзартылды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің тапсыру мерзімі ұзартылды.

Қаңтардың  21-не дейін құжаттар қабылданады. Ал тестілеу осы айдың 25-інен бастап ақпанның 22-сі аралығында өтеді. Бүгінге дейін тестілеуге қатысу үшін шамамен 100 мың адам құжаттарын өткізген.  Білім және министрінің міндетін атқарушы Асхат Аймағамбетов осындай шешім қабылданғанын ескертіп отыр. Сонымен қатар магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау 24 қаңтарға дейін созылады.

Айта кетейік, бұған дейін желтоқсанның 24-і мен  5 қаңтар аралығында ҰБТ-ға құжат тапсыру керек болған. Тестілеу 10 қаңтардан басталып 1 ай ішінде өткізілуі керек еді.

Президент елдегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін үкімет отставкаға кеткен болатын. Премьер-министрдің қызметін уақытша Әлихан Смайылов атқарады. Ерлан Қарин Мемлекеттік хатшы болып тағайындалды. Ал Алматы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Жалпы бұған дейін Қазақстанда төтенше жағдай неше рет жарияланды. Төтенше жағдай кезінде нені білу керек.

Бұған дейін айтылғандай, газ бағасын арнайы комиссия реттейді. Ал Сенат төрағасы наразылық шарасы диалог негізінде шешілу керектігін айтқан. Сондай-ақ газ бағасының көтерілуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Осы тақырып бойынша өзге тақырыптар:

Ел неге толқыды

Маңғыстау облысында газ бағасы 50 теңге болды

Ақтөбеде газ бағасы 50 теңгеге түсті

Тоқаев елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімі наразылық білдірген жаңаөзендіктермен кездесті