Студенттер көктемгі семестрде дәстүрлі/аралас форматта оқиды
- 253
- UPD: 15:25, 17.01.2022

Студенттер үшін көктемгі семестр 24 қаңтарда басталады.
Оқу дәстүрлі/аралас форматта болады.
Атап айтқанда, жоғары оқу орнының шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін, яғни дәрістер - онлайн, ал практикалық және семинар/зертханалық сабақтар - офлайн режимде өтеді.
Басқа қаладан келетін студенттерді студенттер үйлеріне/жатақханаларына орналастыруды алдын ала қамтамасыз етеді.
өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай туындаған жағдайда, 7 ақпанға дейін (немесе тиісті өңірдің бас санитарлық дәрігері белгілеген басқа да күндер) жоғары оқу орындары онлайн режимінде оқытуды бастап, одан кейін дәстүрлі/аралас оқыту форматына ауыса алады.
Сондай-ақ, Министрлікпен келісе отырып, 1 курс студенттері үшін оқу процесін онлайн форматта ұйымдастыруға рұқсат етіледі.
Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим міндетті түрде сақталады:
- Маска режимі қамтамасыз етіледі;
- Жоғары оқу орынның аумағына, оқу ғимараттарына, кітапханаларға және жатақханаларға кіре берісте Ashyq қосымшасын қолдану міндетті болып табылады;
- Тыныс алу жолдарының инфекциясының белгілері бар (жөтел, мұрыннан су ағу, дене температурасы 37-ден жоғары) адамдарды оқу корпустарына кіргізілмейді.
Жоғары оқу орындары студенттерден ПТР тестілеу талап ете алмайды.
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттері арасында 81% астамы, профессорлық-оқытушылар құрамы арасында 94% астамы екпе алды.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
