425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында 80 мектеп онлайн форматқа көшті

  • 203
  • UPD: 17:35, 18.01.2022
Түркістан облысында 80 мектеп онлайн форматқа көшті

 Түркістан облысында дерт дендеп барады. Өңірдегі бала саны 600-ден асатын 80 мектеп онлайн форматқа көшкен.

Облыс бойынша 1-ші, 2-ші сынып оқушылары штаттық режимде білім алады. Ал 3-ші, 5-ші сыныптар үшін кезекші сыныптар ашылған. Жалпы өңірде 37 мыңнан аса бала вакциналанған. Олардың штаттық режимде білім алуын ата-анасы мен мектеп әкімшілігі шешеді.

Жыл басынан бері 10 мұғалім мен 71 оқушы коронавирусқа шалдыққан. 3 сынып 14 күндік карантинге жабылып, қарым-қатынаста болған 70 оқушы оқшауланған.

Ардақ Садықова, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Штаттық режимде жұмыс істеп жатқан мектептерде ауырған балалар орын алса, сэс-тің талабы бойынша карантин режимі жарияланады. Онлайн режиміне өткен мектептерде вакцина алған балалар болса екі компонентін де алған олардың мектепке келіп оқуына рұқсат берілген. Бірақ ол сол мектептің әкімшілігімен іске асырылады.

Хабар 24 телеарнасы