Техникалық және IT салаларға берілетін грант саны 60% артады

Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады, олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев хабарлады.

Ведомство жоғары білім беру саласына бірқатар маңызды өзгеріс енгізуді көздейді. Мәселен, техникалық мамандықтарға және IT салаларға берілетін грант саны 60 процентке артады. Сондай-ақ, Маңғыстау мен Атырау өңірлерінің тұрғындарына 10 мың грант бөлінеді.

Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балалары университеттерде тегін оқиды. Олимпиада мен республикалық сайыс жеңімпаздары да ақысыз білім алады.