БҒМ: ЖОО бітірген түлектер арасында жұмысқа тұрғандар көбейген   

Отандық университеттерді бітіріп, жұмыс тапқан түлектер саны 12 процентке артты. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова мәлімдеді.

Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы білім деңгейі жоғарлаған. Қазір университтер болашақ жұмыс берушілермен, алдын ала келісім жасап, түлектерді талапқа сай даярлайды. Студенттерге академиялық мобильділік жүйесі арқылы білімін шетелде жетілдіру мүмкіндігі берілген. Конкурсқа қатысқандардың көбі, басқа мемлекеттерде оқып шықты. Солардың бестен бір бөлігі, магистратураға түскен. Гүлзат Көбенованың айтуынша, отандық жоғары оқу орындарына қойылатын талап жоғары. Сапасыз білім беретіндері жабылып жатыр. Саланы цифрландыру бойынша да жетістік бар. Мәселен, отандық университеттердің 90 проценті электронды кітапхана ашса, 87 проценті антиплагиат жүйесін енгізген.

Гүлзат Көбенова, ҚР Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы:

– Кадрларды даярлау барысында әрине ең басты назарды білім мен еңбекті ұштастыру арқылы оқыту қажет. Соңғы жылдары министрлік те өз тарапынан ЖОО осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Сол үшін де бір жағынан рейтинг енгізіліп отыр. ЖОО мен жұмыс берушілерді араларын жақындату үшін. Осы жұмыс берушілер арқылы бұрынғыдай тек тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру ғана емес, негізінен оқу процесін жүргізу бірге, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын құрастыру, болашақта ЖОО шыққан түлектің қандай қабілеттері болу керек.