Қазақстандық ғалымдар буын ауруын емдейтін гидрогель ойлап тапты

Отандық ғалымдар хирургиялық операциясыз шеміршек пен сүйек тінін қалпына келтіру әдісін ойлап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яки бағаналы жасушалар негізінде гидрогель жасап шығарған. Бұл технология арқылы бірінші және екінші дәрежелі остеохондральды кемістіктерді емдеуге болады.  Қазақстандық ғалымдар адамның тізе және жамбас буындарындағы остеохондральді кемістіктерді қайта қалпына келтіруге арналған гидрогельді жасап шығарды. Гидрогель табиғи компоненттерден тұрады. Мамандар өсу факторларына қажет мөлшерді білумен белгілі бір мерзімде кемістіктерді жою үшін қандай концентрация керек екенін түсіну мақсатында гидрогельдің сегіз түрлі құрам мен концентрациясын пайдаланған.  Мәселен, екі миллилитр гель жасау үшін 20 миллион жасуша қажет.

Вячеслав Огай, профессор:

Біз оларды дупложект қолданбалы жүйесін пайдаланып қоспа жасау үшін қолданамыз. Алдымен пробиркаға бірінші полимермен, тиісінше екіншісінде  полимермен толтырамыз. Бұл құрылғыда 2 компонентті ине бар.  Олар арнайы екі жақты катетер арқылы қосылады. Оның ұзындығы шамамен 10 см. Ол не үшін қолданылады? Дәрігерлер зақымдалған буынға аз инвазивті гидрогельді имплантациялау әдісін дәл орындай алуы үшін пайдаланады.

Зақымдалған буынға гидрогельді енгізу  хирургиялық әдісті қажет етпейді. Бұл тәсіл тізе буынының остеоартрозына қолданылады. Яғни қол–аяқ, омыртқа бағанасы буындарының дегенерациялы-дистрофиялық ауруын емдеуге арналған. Гидрогельді әрбір адам  пайдалана алады. Себебі химиялық құрамына байланысты ол дәрілік заттардың бөлінуін бақылайды.

Вячеслав Огай, профессор:

– Мұның бәрі алдымен инвитро зерттеулерінде жүзеге асырылды, яғни пробиркада.  Содан кейін олар жануарлардағы шеміршек ақауының симуляциясын жасап және мұның бәрі клиникаға дейінгі сынақтарда жүргізілді. Бізде 8 тәжірибе жүргізетін топ болды. Эксперименттік түрде ең оңтайлы комбинация табылды. Гидрогельдің құрамы артикулярлық шеміршек ақауларын тиімді қалпына келтіреді.

2015 жылы отандастарымыз діңгекті жасушалары бар гидрогель ойлап шығарған. Содан соң ғалымдар тізе буынының шеміршек және сүйек тіндерін қалпына келтіруге арналған инновациялық құрал жасау үшін грант ұтып алды. Қазір дайын өнім еріктілер тобында клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

Ерлан Раманқұлов, ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

– 3 жыл бойы біз діңгекті жасушаларын кейбір шеміршек эрозиясының ақауларын қалпына келтіру үшін өте тиімді пайдалануға болатынын сенімді түрде көрсеттік. Шеміршекті толығымен қалпына келтіреміз. Ақаулықтың ауырлығына байланысты 3 айдан 6 айға дейін уақыт кетеді. Қазір мамандар сынақ тобын құрай бастады. Шамамен 100 адам.

Сынақтың нәтижесі жазда белгілі болады. Енді ғалымдар басқа да буындарды емдеуге арналған гидрогельді жасап шығаруды көздеп отыр.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Әйгерім Бәбіш, Артур Горшняков