СҚО-да балалар апатты жағдайдағы мектепте оқып жүр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Кіші-Қараой ауылының балалары апатты жағдайдағы мектепте оқып жатыр. Білім ошағы 2003 жылдан бері толық жөндеу көрмеген. Жеңіл-желпі жөндеудің арқасында тұрған ғимараттың төбесінен су сорғалайды. Салдарынан бірнеше кабинет жарамсыз болып қалған.

- Посмотрите пожалуйста это пол в спортзале. Гниют доски, потому что капает с крыши. Вот видите, вот здесь капает. Если приблизить, видно что там мог. 

Қабырғалары көгеріп, едені шіріп жатқан Кіші-Қараой ауылындағы орта мектеп. 72 оқушысы бар білім ұясының қазіргі сиқы осындай. Үш қабаттан тұратын нысан 1978 жылы салынған.

- Все цветет и пахнет. Здесь можно было кабинет биологии открыть да? Плесень, сырость. 

Шатырдан сорғалаған судың салдарынан бірнеше кабинет, спорт және акт залдары апаттық жағдайда.

Мектеп директорының айтуынша, бұл жерлерде сабақ өтпейді. Ал жобалық-смекталық құжат демеушінің есебінен жасалды.

Дамыш Исина, мектеп директоры:

- «Т» образный мектеп. Негізгі корпусының төбесі- шатровая. А қасындағы корпус- мягкая кровля. Ең соңғы капитальный ремонт 2003 жылы істелінді. Экспертиза ПСД барлығы жасалып, заявка управлениеге берілді. 2,5 миллион біздің ТОО-ның директоры өзі салды осы ПСД-ға. 

Кіші-Қараой ауылы рсесеймен шекарада орналасқан. Негізінен бұл мектеп 440 орынға арналған. Қазір мұнда шағын орталықта жұмыс істеп тұр. 

Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Біз өтініш бердік. Шамамен 250 миллион теңгедей қаржы қажет. Тек шатыры ғана емес, сонымен қатар барлық кабинеттер жөнделеді. Сәтін салса, шаруалар биыл басталуы мүмкін. 

Қазіргі таңда өңірде 461 мектеп бар. Ал оның 40-қа жуығының шатыры жаңалауды қажет етеді.

Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев