476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Білім мен тәжірибені, салалық ғылымды қатар ұштастыру маңызды

  • 164
  • UPD: 22:04, 18.02.2022

Елімізде бес университеттік аурухана салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жандос Бүркітбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа нысандар Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан қалаларында бой көтереді. Сонымен қатар Түркістан, Петропавл және Көкшетау қалаларында тағы үш көпбейінді аурухананың құрылысы басталады. Медициналық мекемелер мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде іске асады.

Жандос Бүркітбаев, ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

– Құрылыс жұмыстары 2025 жылға дейін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың бірінші кезеңіне жоспарланып отыр. Бұл нысандар мемлекеттік жекеменшік серіктестік республикалық жобалар тізбесін оңтайландыру үшін салынбақ. Сонымен қатар тағы 12 жоба кезең-кезеңімен 2026 жылға дейін енгізілетін болады.

Сондай-ақ еліміздегі медициналық техниканың 49 процентінің тозығы жеткен. Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жандос Бүркітбаев қазір нақты шаралар қолға алынғанын айтты. Медициналық мекемелердегі құрал-жабдықтар деңгейін анықтау мақсатында интерактивті карта құрылған. Онда әр мекемеде қандай құралдардың бары, қайсысының тозып кеткені көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы