Ел мектептерінде медицинаның жаңа тәртібі қабылданады

Президент қабылдауында болған денсаулық сақтау министрі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ажар Ғинияттың айтуынша, қаңтардың ортасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны тәулігіне 16 500 адам болса, бүгінде шамамен 1500 адам тіркелген. Жалпы еліміздегі  эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта стационарлардың 20 процентінде ғана науқастар ем алып жатыр. Одан бөлек, сала басшысы денсаулық сақтау саласын жетілдіру жөнінде де айтты. Министрліктің жұмыс жоспары ең алдымен алғашқы медициналық көмекті жетілдіруге, ауыл-аймақтардағы денсаулық сақтау жүйесінің сапасын арттыруға бағытталған екен. Сонымен қатар биыл «Балалар жылы» болып жарияланғандықтан, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда мектептегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарты қабылданады.