Елордада көп балалы аналарға арналған білім орталығы ашылды

Елордада көп балалы аналарға арналған білім беру орталығы ашылды.

Салтанатты шараға Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты. Бұл жоба халықаралық қайырымдылық ұйымның есебінен жүзеге асырылды. Орталық ғимараты екі корпустан тұрады. Мұнда әйелдер психолог, дәрігер немесе заңгерлердің көмегіне жүгіне алады. Барлық қызмет тегін көрсетіледі. Ұлттық шеберлік курсы да осында ұйымдастырылған. Мұнда үйренгенін әйелдер кейін өз кәсібін ашқан кезде пайдалана алады. Айта кетерлігі, шараға қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Арасында пәтер кілтін алғандар да бар.

Ырза Тұрсынзада, республикалық орталық басшысы:

- Бұл орталықтың басты мақсаты көп балалы аналарға, қиын жағдайға тсүкен әйелдерге көмек көрсету. Ерекше балаларды тәрбилеп отырған немесе жұмыссыз қалған әйелдерге де көмек береміз. Ұлттық шапан сынды бұйымдарды тігуге үйретеміз.