БҒМ ақылы олимпиадалардан сақ болуға шақырады

ҚР БҒМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ibilim.kz онлайн олимпиадасының ұйымдастырушысы емес және бұл олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізуге еш қатысы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәлімдеуінше, мұндай ақылы деңгейдегі олимпиадаларды жеке тұлғалар ұйымдастырады. Бұған дейін министрлік бірнеше рет жеке олимпиадаларға қатыспауға кеңес берген болатын. Сондықтан ата-аналар мен оқушыларды мұқият болуға шақырады.
«Дарын» РҒПО ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен бекітілген Тізбеге енгізілген іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге жауапты екенін еске саламыз. Сондай-ақ олардың барлығы тегін өткізілетінін де ескертеді.