Павлодарлық оқушылар жасыл технологияларды меңгереді

Ертіс өңірінің оқушылары заманауи жасыл технологиялармен қалай жұмыстану керек екенін үйрене бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар 30-ға жуық сынақ түрін жасау үшін зерттеу құралдары алынып, зертхана жасақталған. Қазір олар ауадағы зиянды заттардың мөлшерін өлшеп, экологиялық көрсеткіштердің ондаған түрін анықтай алады. Мамандардың айтуынша, жасөсіпірімдер  болашақта ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосуы мүмкін.

11 жасар Аталь Амири балық мен өсімдік әлеміне қызыққан. Аз уақыт ішінде аквапоника технологиясын меңгеріп алыпты. Экологиялық үйірмеге бауыры мен қарындасын да ала келген. 

Аталь Амири, оқушы:

Біз аквапоника технологиясын зерттейміз. Бұл балықтар мен өсімдік арасында болатын үрдіс. Мәселен, балық тіршілігінен қалған қалдықтар аквариумда жиналады. Ал акварум суы өсімдіктер үшін тамаша тыңайтқыш. Су түтікше арқылы жоғарыға көтеріліп, папоротниктерге жеткізіледі.

Екі жылдық үйірме жобасының авторы – биология магистрі Айгерім Оразбаева. Ауадағы оттегі мен көмірқышқыл газының мөлшерін  деңгейі, ультракүлгін және электромагниттік сәулелену, ауа ағынының жылдамдығы, шу деңгейі. Цифрлық зертхананың көмегімен экологиялық көрсеткіштердің 22 түрін өлшей алады.

Әйгерім Оразбаева, ғалым:

Балалар негізгі экологиялық ережелерді біледі. Өсімдіктерді топырақсыз өсіру, қоқыс қалдықтарын сұрыптауды да меңгерді. Сонымен қатар баламалы энергия көздері мен жанар-жағармай өндіруге болатын тұқымдар коллекциясын зерттеп жатыр. Үйрімеге келішулер көп. Ең бастысы қызығушылық бар.

Балалар топырақсыз көкөніс өсіру, құрттардың көмегімен биогумус өндіру, ауа арқылы суды тазарту сияқты технологиялардың қыр-сырын меңгеріп алды. Баламалы энергия көздерін өндіретін тұқым коллекциясын да зерттеп жүр. Жалпы үйірмеде 25 сынақ түрін жүргізуге мүмкіндік бар.

Ромаль Амири, оқушы:

– Бұл – өсімдік тұқымдарының коллекциясы. Олардан биожанар-жағармай жасауға болады. Тұқымдар баламалы энергияға айналады.

Балалар калифорниялық құрттар мен ахатин ұлуларының көмегімен биологиялық тыңайтқыш өндіреді. Құнарлы өнімді өсімдік өсіруде пайдаланады. Мамандардың айтуынша, ең бастысы үйірмеге деген сұраныс жоғары, қызығушылық танытқандар көп.

Авторлары: Ақмарал Есімханова және Марат Игіліков