Оқушылар қар мен тозаңды тазалайтын робот құрастырды – Атырау

Бірнеше робот құрастырған атыраулық оқушылар қар мен тозаңды тазалайтын робот пен адам миына түсетін күшті анықтайтын датчикті ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары құрастырған тазалау роботының жұмыс істеуіне арналған бағдарлама жасауға мұғалімі көмектескен. «Біздің мақсатымыз – қымбат емес күн батареяларын тазалайтын автоматты жүйе жасау. Күн батареясының панелінде жиналып қалған қар мен шаң тозаңды тазарту үшін роботтың айналып тұратын щеткасы бар. Роботтың кішігірім күн панельдері арқылы қуат жинайтын батареясы болады», – дейді зияткерлік мектеп мұғалімі John Paul Bejerano. Күн сәулесі панельдерін тазарту және олардың тазалау механизмін жаңарту үшін арнайы құрылғы жасаған оқушының бірі – Абылай Амангелдіұлы. Ол осы уақытқа дейін бірнеше құрылғы ойлап тапқан.

«Бұдан бұрын «Ковид трекер» деп аталатын бағдарлама құрастырған едім. Бұл бағдарлама арқылы коронавирусқа байланысты ақпаратты табуға болады. Ал «Білім ал» атты бағдарламасы қазақ тілін үйренуге арналған. Алдағы уақытта жас бағдарламашыларға арналған бағдарлама ашуды ойластырып жүрмін»,  – дейді Абылай Амангелдіұлы. Мектеп оқушылары мидың бөліктері мен функцияларын зерттеген. Нәтижесінде контузияны емдейтін тренажердің әсер ету күшін төмендететін модельдік миға арналған қорғаныс қалпағын жасаған. Қорғаныс қалпағы спортпен шұғылдану кезінде оның құлауына жол бермейтін технологиямен жабдықтауға бағытталып отыр. «Макетімізде 5 сенсор болады. Бұл мидың 5 бөлігіне арналған. Әр датчик мидың әр бөлігіне түсетін күшті есептейді»,– дейді 10-сынып оқушысы Айсұлтан Жұмабай.