ЖОО-ның білім бағдарламасына «Кәсіпкер атласы» енгізілмек

Бұл жөнінде білім беру жүйесін қайта форматтау және нарыққа қажет мамандарды даярлау жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Қазақстанда болашағы жоқ 120-дан астам мамандық бар екен. 95 мамандық заманға сай түбегейлі өзгеріске ұшырады. Тағы 240-қа жуық жаңа маман пайда болған. Биыл елдегі жоғары оқу орындары 91 инновациялық бағдарлама әзірлеп, ұсынды. Үш жылда олардың санын 200-ге дейін жеткізу жоспарда бар.