Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беріледі

Ғылымды дамыту жайы бүгін таңда Үкімет отырысында да талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландырудағы жеке қаржының үлесі 50 процентке дейін ұлғаяды. Медициналық биологияда, агроөнеркәсіпте, «жасыл» технологияларда, тау-кен ғылымы мен металлургияда 5 ірі ғылыми-өндірістік орталық құрылады. Салынуы қажет кәсіпорындарды анықтау үшін маркетинг жүйесі енгізіледі. Осылай деген үкімет басшысы білім және ғылым министрлігіне 30  сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026-шы жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды. "Жас таланттарды іздеу керек" деді. Әрі Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе бере отырып, институционалдық трансформациялау шараларын қабылдауға пәрмен берді.

Әлихан Смайылов ҚР Премьер-Министрі:

ЕЛДЕ ВИРУСОЛОГ ТАПШЫ

Жеңіс екені рас. Алайда осы вирусология саласында кадр тапшы. Осы кезге дейін жоғары оқу орындарында мұндай маман оқытылмаған. Жағдай енді оңалып келеді. Әрі пандемиядан соң вирусологтардың жалақысы да әжептәуір өскен. Бұл өз кезегінде аталған іске жастарды тартуға ықпал етпек. Бұл туралы  белгілі ғалым Күнсұлу Закария өз пікірін білдірді.

Күнсұлу Закарья, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры: