460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үкіметте ғылым саласы талқыланды

  • 254
  • UPD: 23:04, 19.04.2022
Үкіметте ғылым саласы талқыланды

Ғылыми жобалардан пайда табу мен олардың экспорттық әлеуетін арттырудың жолдары Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірінші отырысы осы мәселелерге арналды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың айтуынша, бөлініп жатқан гранттардың мақсаты технология әзірлеп, оны сатуға дейін жеткізу. 2016 жылдан бері осындай 151 жоба грант арқылы қаржыландырылған. 93 бастама жүзеге асты, 15 жоба экспортталды. 16 миллиард теңгенің өнімі сатылды. Енді импортты алмастыру бойынша грант бөлінген кәсіпорын жетекшілері кей заңдарға өзгеріс енгізу керек деп отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы