Елбасы ЮНЕСКО клубы оқушыларының шығармашылық жұмыстары қойылған көрмеге барды

Елбасы «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге қатысушы жас суретшілермен сөйлесіп, музейдің тақырыптық залдарындағы жаңа экспонаттармен танысты.