Алматыда қазақ тілі мәселесі талқыланды

Өндірісте, инженерлік технология саласында ана тілімізде терминдерді қалыптастыру әлі де баяу. Медицина мен машина құрастыру саласындағы атаулар мен ұғымдар да қазақыланбай келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыдағы Ұлттық кітапханада өткен «Қазақ тіл білімінің бүгіні мен болашағы» атты жиында мамандар осындай пікір білдірді. Конференция белгілі филолог, Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманәлиевтің 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Ғалымдар жылына жүздеген термин енгізу қажет дейді. Жиында тіл білімін дамытудың жаңа бағыттары да талқыланды.

Мұрат Жұрынов,  ҚР ҰҒА президенті:

– Үкімет пен президент те қазір қазақ тілінде сөйлеп келе жатыр. Бұл жақсы үрдіс. Осыны ары қарай жалғауымыз керек. Қазақ тілі қазақ өмірінің барлық мәселесіне ену керек.