Елімізде қосымша тағы 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылады

Елімізде қосымша тағы 40-қа жуық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ашылады
Хабар 24

Еліміздің барлық өңірлерінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар ашылып, нормативті 60-тан 50 мың балаға дейін өзгертпек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды. Қазіргі күні 87 ПМПК жұмыс істеп тұрса, енді еліміздің барлық өңірінен қосымша тағы 40-қа жуық ПМПК ашылады.

«Бұл өз кезегінде балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ерте анықтауға және сапалы бағалауға септігін тигізеді. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Үкіметке осы мәселе бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын», – деп жазды ведомство басшысы.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов Балалар жылы аясында өзекті және ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар жаңа бастама іске асырылатынын жеткізді.