Бірінші сыныпқа қабылдау бойынша 180 мыңнан астам өтініш түсті

180 мыңнан астам өтініштің 160 мыңнан астамы электронды форматта қабылданды.Азаматтарға ыңғайлы болу үшін балаларды мектепке қабылдау қызметі egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Барлық қызметті автоматтандыруға баса мән берілген. ҰБТ және барлық деңгейдегі олимпиадалар электронды форматқа көшірілді. Мұның ең басты артықшылығы - барлық процестің ашықтығы мен азаматтарға қолайлы жағдай жасалуы. Өтініштердің басым көпшілігінің электронды форматта тапсырылуы - ҚР БҒМ-нің цифрлық мемлекеттік қызметтері азаматтар арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.