ҰБТ кезінде бейінді пәндер ауыстырылмайды

ҰБТ кезінде бейінді пәндер ауыстырылмайды

ҰБТ кезінде әр тест тапсырушының жеке тест нұсқасы таңбаланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірінші мүмкіндігінде ереже бұзған талапкер екіншісіне жіберілмейді. Ал егер бірінші мүмкіндігінде сәтті өтіп, екінші мүмкіндігінде ережені сақтамаса, онда екі мүмкіндігінің де нәтижесі жойылып, гранттық конкрусқа қатыспайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Әділет Тойбаев хабарлады. Ол жастарды академиялық адалдық ұстануға шақырды. Биыл құқық бағыты бойынша шекті балл 70-ке көтерілді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут беріледі.

Әділет Тойбаев, ҚР білім және ғылым министрлігінің департамент директоры

Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында біз биыл «бір компьютер, екі камера, бір тестіленуші» қағидатын жүргізетін боламыз. Егер бұрын бізде бір камера ғана болса, биыл тағы бір фронтальды камера қостық. Биыл бізде 2 рет ҰБТ-дан өтуге мүмкіндік берілді. Бірақ осы екі ретте әрбір талапкер пәндерді ауыстыруға болмайды.